
“e-salyq Azamat” – электрондық салық әмиянының функцияларын орындайтын мобильді қосымша. Бұл қосымша азаматтарды бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы хабардар ету және оларды төлеу мүмкіндігін ұсыну мақсатында әзірленген.
“e-salyq Azamat” мобильді қосымшасының арқасында салықтар туралы мәліметтер алу үшін мемлекеттік кірістер органдарына және салықтық берешектерді төлеу үшін екінші деңгейлі банктердің бөлімшелеріне барудың қажеттілігі жоқ, енді мұның бәрін онлайн режимінде жасауға болады.
Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің алдағы төлемдеріне арналған қосымшаның функциясы келесі бюджетке төлем туралы мәліметті көрсетіп, салықтар бойынша мерзімін өткізіп алу жағдайларын болдырмауға көмектеседі. Сондай-ақ, “e-salyq Azamat” қосымшасында “Салық төлеушілерді іздеу” және “Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу” опциялары қарастырылған, олар тұлғаның салықтық есепке қойылғанын тексеруге мүмкіндік береді.
“e-salyq Azamat” қосымшасы арқылы келесі салық декларацияларын тапсыруға болады: активтер мен міндеттемелер туралы (250.00 нысаны), кірістер мен мүлік туралы (270.00 нысаны), жеке табыс салығы бойынша (240.00 нысаны), жер салығы мен мүлік салығы бойынша (700.00 нысаны).
“e-salyq Azamat” мобильді қосымшасын App Store және Google Play қосымшалар дүкендерінен тегін жүктеуге болады, ал оған авторлану ЭЦҚ немесе SMS-пароль арқылы (егер сіз Мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз) жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/995840?lang=kk
Жауап қалдыру