«Экосинергия: білім беру интеграциясының перспективасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы 13 – 14 мамыр аралығында Катонқарағай ауданы Өрел орта метебінде «Экосинергия: білім беру интеграциясының перспективасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты – экологияны оқытуда тәжірибе алмасу және пәнаралық байланыстарды дамыту, оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыру үшін тиімді және инновациялық тәсілдерді енгізу.

Конференцияға Астана қаласының, Ақмола, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстаннан педагогтары қатысып іс тәжірибелерімен бөлісті.

Қазіргі жаһандану дәуірінде адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қатынасты қалыптастыру – білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Әсіресе, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау мен құрметтеудің маңызын түсіндіру – мектеп қабырғасынан басталуы тиіс.

Конференция қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар мен шешімдер қабылданып, олар алдағы уақытта жұмыстарына негіз болады деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/996052?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді