
Аудан әкімі Ұлан Досымбеков шалғайда орналасқан ауылдағы Аққайыр каналының тазалау жұмыстарының барысымен танысып қайтты.
Халықтың былтырғы өтініш-тілегі ескеріліп, облыс әкімінің қолдауымен бұл маңызды жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда каналдарды тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп, ел игілігі басты назарда екені айқын көрініп тұр.
Аталған жұмыстардың тапсырыс берушісі – Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/995931?lang=kk
Жауап қалдыру