
Астана қаласының ТЖД-да Эльнур Сафаров көрсеткен ерлігі мен табандылығы үшін марапатталды.
Оқиға “Ақбұлақ” саябағының жағалауында болған.Эльнур баланың Ақбұлақ өзеніне құлап, суға бата бастағанын байқады.Бір секундқа да ойланбастан,ол суға түсіп, баланы жағаға шығарды, осылайша оның өмірін сақтап қалды.
Оның бұл әрекеті азаматтық батылдық пен адамгершіліктің жарқын мысалы. Оның шешуші әрекеттерінің арқасында қайғылы салдардың алдын алды.
ТЖД бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Мәуленбердиев Алғыс хатты тапсыра отырып, мұндай іс-әрекеттер ерекше құрметке лайық екенін атап өтті. “Эльнур батылдық пен жауапкершілік тек сөз емес,өмірді сақтайтын әрекеттер екенін көрсетті. Эльнур өзінің іс – әрекетімен шынайы батылдық пен жоғары азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті”,- деп түйіндеді ол.
Өз кезегінде Эльнур: “Мен баланың суға батып бара жатқанын көргенде, ойлануға уақыт болмады. Мен жай ғана әрекет еттім. Құтқарушыларға менің әрекетімді ескергені үшін алғыс айтамын, бірақ ең бастысы, бала тірі және сау. Бұл ең маңыздысы!»,- деп ризашылықпен атап өтті.
Астана қаласының ТЖД елорда қонақтары мен тұрғындарына судың жанында, әсіресе ашық су айдындарының жанында қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын ескертеді және балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/996756?lang=kk
Жауап қалдыру