“Еңбек жолы” конкурсына қатысуға шақырамыз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, өңірдің барлық кәсіпорындар жұмысшыларын «Еңбек жолы»  конкурсына қатысуға шақырады.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету мақсатында  «Еңбек жолы» конкурсының ұйымдастырылуы мен өткізілуі жоспарлануда. Конкурс жастарды еңбекке деген құрмет рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау мен көбейту мақсатында өндірістегі үздік еңбек әулеттері мен жұмысшыларды анықтауға мүмкіндік береді. Конкурс еңбек Адамының қоғамдағы беделін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» қамқорлығымен еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыруға септігін тигізеді.

     

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

 

  • «Үздік еңбек әулеті» – ең көп жұмыс өтілі бар, көбірек марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.

Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының бір не одан көп ұрпақтарын (бір немесе екі жұбай балаларымен немесе немерелерімен бірге)  қазіргі уақытта қызмет атқаратын және берілген кәсіпорында 20 жылдан кем емес еңбек өтілі бар ұйымның жұмысшы тобы. Әулет басшысы болып бәрінен бұрын  еңбек жолын бастаған еңбек әулетінің өкілі есептеледі.

  • «Өндірістің ең жас жұмысшысы» – жұмыс өтілі 5 жылдан көп емес өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады.
  • «Жұмыс жасайтын жастардың ең үздік тәлімгері» – 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар аса тиімді тәлімгер таңдалады.

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

  1. Конкурсқа қатысу туралы ерікті нысандағы өтінім, номинацияны көрсете отырып;
  2. Жеке куәлік көшірмесі;
  3. Номинация тақырыбы бойынша видеоролик, 1-3 минуттан көп емес (қалауы бойынша жұмыс орны немесе дағдылары көрсетілген)
  4. Конкурс қатысушысы туралы ( жұмыс, жанұя, хоббиі) компьютерлік презентация 1 минуттан аспайтын (Microsoft Power Point форматында);
  5. Еңбек әулеті өкілінің немесе жұмысшының еңбек кітапшасының және жұмыс берушімен, куәландырылған, еңбек өтілін растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі / жұмыс орнынан анықтама;
  6. Жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан мінездеме хат.
  7. Болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмесі).
  8. Мемлекеттік немесе ведомстволық марапаттар, мақтау қағаздары, алғыс хаттарының көшірмесі; Біліктілігін арттыру туралы сертификат.
  9. Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

 

Конкурсқа меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың  барлық жұмысшылары қатыса алады. Өзіңіз басшылық жасап отырған ауылдық округ бойынша  осы аталған конкурсқа қатысатын  үміткерлерді анықтап  1 маусымға  дейін ұсынуыңыз қажет.

 

 Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Жаңақала ауданы, Халықтар  Достығы  көшесі, № 69 үй, байланыс телефоны 8(71141)21-9-32; эл. мекен жайы: cps.2025@mail.ru.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhangala/press/news/details/995838?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді