ERGSkills-2025: жеңімпаздар анықталды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 мамыр күні Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде ERGSkills-2025 кәсіби шеберлік байқауының жабылу салтанаты өтті. Бұл — жас техниктер мен болашақ мамандар үшін жылдың басты оқиғасы болды.

Атаулы байқауда Астана, Екібастұз, Павлодар , Ақсу қалаларының колледжері және ірі өндіріс орындарынан 4 бағыт бойынша 40-тан астам қатысушы бақ сынасты. Үздіктердің үздігі анықталды:

“Қалып жасау ісі” құзыреттілігі:
Карина Оренбург — Павлодар машина жасау колледжі;
Нигмат Кабулов — Торайғыров университеті;
Кирилл Бессонов — Түсті металлургия жоғары колледжі.

“Электрмонтаждау” құзыреттілігі:
Максим Сорозидинов — Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі;
Александр Беляев — Түсті металлургия жоғары колледжі;
Александр Четвериков — Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі.

“Өндірістік автоматика” құзыреттілігі:
Валерий Кондрушин — Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі;
Ярослав Демура — Павлодар политехникалық жоғары колледжі;
Илья Бездольный — «Шығыс» көмір кеніші, ЕЭК;

“CAD инженерлік графикасы” құзыреттілігі:
Даниил Усанов — Павлодар машина жасау колледжі;
Нұрлыбек Төлеубай — Ақсу қара металлургия колледжі;
Роман Украинченко — ИнЕУ жоғары колледжі.

Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Айтказина байқаудың Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біздің өңірде ұйымдастырылып, өтіп жатқанына ерекше тоқталды:
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру қажеттігін атап өтті. Қазіргі қоғамға адал еңбекпен жетістікке жеткен мамандар қажет. Мұндай адамдар әрқашан құрметке лайық болмақ. Жұмысшы мамандық иелері, тек ірі кәсіпорындарда ғана емес, барлық салада аса қажет».

ERG жобалық кеңсесінің басшысы Олжас Мамырбаевтың айтуынша, аймақтық Чемпионаттар сонымен қатар Ақтөбе, Қостанай облыстарында да ұйымдастылып, өткізіліп тұрады.

«Байқау жеңімпаздары шетелдік тағылымдамаға жолдама алса, ал екінші және үшінші орын иегерлері ERG-нің кадрлық резервіне енгізіледі. Колледж тамамдағасын, бірден жұмысқа қабылбаймыз” — деді Олжас Мамырбаев.

“ERGSkills-2025” жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/996960?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді