Конституциялық Сот ерлер мен әйелдердің бала асырап алу құқығын теңестірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 23.07.2024 жылғы №49-НҚ нормативтік қаулысымен «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 91-бабы 2-тармағының 11-тармақшасы Конституцияға сәйкес емес деп танылды.

Кодекстің аталған нормасына сәйкес анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайланын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдар бала асырап ала алмайды.

Жүргізілген тексеріс нәтижелері бойынша Конституциялық Сот тұтастай алғанда заң шығарушының бала асырап алу құқығының шарттары мен шектеулерін белгілеу жөніндегі тәсілін балалық шақты қорғаудың конституциялық белгіленген міндетіне және балалардың мүдделерін барынша қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің өзіне қабылдаған міндеттемелеріне және белгілі бір мақсаттарда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңдармен шектеу Конституцияның 39-бабына сәйкес келетіндігін атап өтті.

Конституциялық Сот өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға мұқтаж баланың мүдделеріне сүйеніп, неке мен отбасын, ана болуды, әке болуды және балалық шақты қорғаудың конституциялық белгіленген міндетін басшылыққа алу керектігін көрсетті.

Тиісінше, заңнамалық тетіктер бала мен әйелдің, ең алдымен  баланың мүдделерін барынша қамтамасыз ету және оған қамқорлық жасау мақсаттарына анағұрлым сай келеді деген тұрғыдан тіркелген некеде тұрған және отбасын құрған ер адам мен әйелдің тең шарттарда бала асырап алуын қолдауға бағытталуы керек.

Осылайша, балаларды асырап алғысы келетін адамдарға жынысына қарай тең емес көзқараспен байланысты шектеу Конституцияның 14-бабының талаптарына сәйкес келмейді деп танылды.

 

 

                                                                          Ойыл ауданының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/995929?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді