«Нашақорлыққа жол жоқ!» жобасын іске асыру аясында облыс прокуратурасының үйлестіруімен жастар ресурстық орталығы, тұрғын үй коммуналдық қызметкерлері және орта мектеп оқушыларымен біріге отырып, есірткі сайттарын жарнамалайтын жазуларды (граффити) жою бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіліп, нәтижесінде 150-ке жуық жарнама жойылып, тиісті үлгімен боялды.
Сонымен бірге, іс-шараның барасында облыс прокуратурасымен есірткі қылмыстарды жедел анықтау үшін әзірлеген Telegram-ботқа сілтемесі бар QR-кодтары бейнеленген ақпараттық парақшалар таратылды.
Қазіргі уақытта аталған бот арқылы тұрғындардан 800-ге жуық хабарлама түсіп, оның 10-ы расталды.
Одан бөлек, есірткі сатумен айналысатын дүкендер қолданатын банк шоттарын бұғаттау жұмысы жалғасуда.
Қазіргі таңда облыс бойынша 500-ден астам шот бұғаттанып, 50 миллион теңгеден астам қаржатқа тиым салынды.
Есірткіні сақтау, сату, тасымалдау және жарнамалау үшін тиісті қылмыстық жауапкершік көзделгенін атап айтқаны жөн.
Облыс тұрғындарын күдік туғызатын жарнамаларды көрген уақытта полиция органдарына 102 нөмірі немесе Telegram-бот арқылы хабарлауды сұраймыз.
#Заң_мен_Тәртіп
#Жауапкершілік
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/996156?lang=kk
Жауап қалдыру