Өңірде жыл басынан бері 240 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбе облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 2025 жылға арналған құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жоспары облысымыздың тұрғын үй құрылысын дамытуға, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға және халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды жобаларды қамтиды. Биыл жылдың соңына дейін 81 нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары мен 44 жобалық-сметалық құжатты әзірлеу үшін қазынадан 70,7 млрд теңге бөлінген.

«2025 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 1 млн шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарланды. Жыл басынан бері 4 айдың ішінде 242,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,8%-ды құрап отыр» – деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Басқарма өкілі сондай-ақ, биыл облыста 81 нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Оның ішінде білім саласында – 40 нысан, денсаулық сақтау саласында – 19 нысан, спорт саласында – 9 нысан, мәдениет саласында – 1 нысан, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында – 1 нысан, әлеуметтік қамсыздандыру саласында – 3 нысан, төтенше жағдай және жұмылдыру дайындығы бойынша – 3 нысан, халықты, объектілерді және аумақты инженерлік қорғау бойынша – 1 нысан, мемлекеттік органдар объектілерін дамыту саласында – 4 нысан. Атап өтейік, өңірде әлеуметтік нысандар құрылысына қатысты кепілдік мерзімі өзгерді. Енді құрылыс жұмыстарына жауапты мердігерлер бұрынғыдай 2 жыл емес, 7 жыл мерзімге кепілдік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-aishuak/press/news/details/996598?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді