Отырар_ауданына_90_жыл #Әбу_Нәсір_әл-Фараби_1155_жыл

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отырар_ауданына_90_жыл
#Әбу_Нәсір_әл-Фараби_1155_жыл

📌Биыл еліміз үшін елеулі жыл. Олай дейтініміз ұлы ойшыл, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған, киелі Отырар өңірінен шыққан жерлесіміз Әбу Нәсір әл–Фарабидің туғанына 1155 жыл. Осыған орай Отырар ауданының 90 жылдығы аясында Ұлы ғұламаның өмір жолы мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында «Адамзаттың ұлы ұстазы» атты облыстық Фараби оқулары байқауы болып өтті.

📚«Даналықтың дәнін сепкен данышпан» атты кітап көрмесін таныстырудан бастау алған бұл байқауда «Әбу Нәсір әл-Фарабидің топырағын туған жерге әкелу» бейнефильмі көрсетілді. Сондай-ақ, байқау шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов пен өлкетанушы, Отырар ауданының Құрметті азаматы Бекжан Бейсенбай алғы сөзбен ашып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре келе, үміткерлерге сәттілік тіледі.

⚜️Байқауға Түркістан облысының әр ауданынан 11 үміткер қатысып, байқау шартына орай ІІІ кезең бойынша сынға түсті.

🔰 І – кезең: Әбу Насыр әл-Фарабидің 5 трактатын жатқа біліп, біреуін оқу;

🔰 ІІ – кезең: Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беру;

🔰 ІІІ – кезең: Әбу Насыр әл – Фарабидің бір еңбегіне тоқталу, зерделеп, талдап, мазмұнын жеткізу.

✅Байқауға өлкетанушы, Отырар ауданының Құрметті азаматы Бейсенбай Бекжан және Руханият Әбу Насыр әл – Фараби музейінің директоры Жұмашов Алмас сарапшылық жасады.

🏆Үміткерлеріміздің білімдері сараланып, нәтижесінде жетісайлық үміткер 🥉Ибадулла Адина 3 орын, отырарлық үміткер 🥈Балжан Егембердиева 2 орын, Кентау қаласынан қатысқан 🥇Бақтияр Әмина 1 орын иеленіп, түркістандық 🏆Ерболұлы Исматулла Бас жүлдені қанжығасына байлады. Басқа да қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен, алғыс хаттармен марапатталды.
⚜️Әбу Насыр әл-Фараби: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонан соң айтып берейін», − деген екен. Міне, болашағымыз жарқын болуы үшін сол елді ертеңгі күні басқаратын, бастайтын жастарымыз білімді, сауатты, мәдениетті, яғни көзі ашық, көкірегі ояу болуы қажет. Солай болады деп сенеміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/996455?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді