Патриоттық әндер Жеңістің 80 жылдығына арналды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм орталығында «Әнім, жырым саған – туған ел» патриоттық ән байқауы өтті. Іс-шараға 200-ден астам29 жалпы білім беретін мектептің 2 – 11 сыныпоқушылары мен 5 – 6 жас аралығындағы 8 балабақшаның тәрбиеленушілеріқатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша І орынды № 112, 24, 35 балабақша тәрбиеленушілері, ІІ орынды № 42, 122 мектепке дейінгі гимназия, III орынды № 53, 7, 15 балабақшалары иеленді. Олар «Егемен ел – Қазақстан», «Менің Отаным», «Туған жер», «Пилотка», «Отан», «Жеңіс мұрагерлері», «Көк байрағым», «БізОтанның ұланымыз» әндерін орындады.

«Соло» номинациясы бойынша № 7, 38, 2, 18, М. Жүсіп атындағы, М. Әлімбаев атындағы мектеп қатысушылары I орынды, Б. Момышұлы атындағы, № 36, М. Әуезов атындағы мектеп оқушылары II орынды, № 41, 32, 11, С. Торайғыров атындағы мектеп оқушылары III орынды иеленді. Олардың орындауында «Жеңіс, жеңіс ғаламат күн», «Батырлар ұраны», «Бейбіт күн тілегі», «Крылатые качели», «Жеңіс күні», «Туған жер», «Журавли»,  «Будет весна»әндері орындалды.

«Дуэт» номинациясы бойынша Б. Момышұлы атындағы мектеп оқушылары І орынды, № 6 мектеп оқушылары ІІ орынды, № 38 мектеп оқушылары ІІІ орын алды. Олар«Жеңіске жеттік», «Бірлігіміз жарасқан», «Дос болайық бәріміз», «Кукушка»әндерін орындады.

«Вокалдық топ» номинациясы бойынша Қ. Мақпалеев атындағы мектеп оқушылары І орынды, Б. Момышұлы атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, № 41 мектеп оқушылары ІІ орынды, № 35, 26, 14, 15, 38, Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары ІІІ орынды алды. Олар «Қазақ елі осындай», «Давайте жить дружно», «Алия», «Дети Казахстана», «Армия Казахстанская», «Жайна, жайна туған елім»әндерін орындады.

– Байқауда қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, соғыс жылдарындағы әндерді білетіндіктерін көрсетті, отансүйгіштік, жеңіске жеткен соғыс қатысушылары, еліміз, жарқын болашағымыз үшін мақтаныш білдірді, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/995800?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді