Қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, жер кезегі, арық жүйесінің ретті орналасуы, көше жарығын орнату, балалар ойын алаңшасын жаңғырту және көпір орнату, жол салу, көше бойындағы жабайы сауда орындарын жүйелеу мәселесі бойынша сауалдар қойды.

Сонымен қатар саябақта кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат беру, тал кесу, кондоминиум және көпқабатты тұрғын үйдің шатырын жөндеу жұмыстары бойынша мәселелер көтерді.

Қала тұрғындарының сұрағын мұқият тыңдаған шаһар басшысы зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешім қабылданатынын айтып, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/996721?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді