Қарағандылық дзюдошы Еуропа Кубогында қола жүлдеге ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандылық дзюдошы Ислам Бозбаев Еуропа Кубогында қола медаль жеңіп алды. Жарыс Грузияның Гори қаласында өтті. Бұл жарыста 15 елден келген 200 жауынгер өз күштерін сынады.

Қазақстан құрамасына екі қарағандылық: Махамбет Даткин (-81 кг) және Ислам Бозбаев (-100 кг) енді. Соңғысы жарыстың қола жүлдегері атанды.

Ислам Бозбаев барлығы төрт шайқасқа қатысты. Біріншісі – грузиялық спортшыға қарсы. Судьялардың шешімімен қарағандылық палуан жеңіліп қалды. Екінші жекпе-жекте серб дзюдошысымен кездесті. Оны Ислам Бозбаев 10-0 есебімен жеңді. Келесі ұрыс әзербайжандыққа қарсы болды. Мұнда да қарағандылық 10-0 есебімен жеңіске жетті.

Үшінші орын үшін біздің дзюдошы украиндықпен күресті. Жерлесіміз үшін бұл кездесу таза жеңіспен аяқталды: корпустық лақтырыспен ол қарсыласын жауырынға салды.

– Жалпы бәсекелестік өте жоғары болды. Мысалы, менің салмағымда Рио олимпиадасының күміс жүлдегері күресіп, жеңіліп қалды. Бұл қарсыластардың өте мықты және жақсы дайындалғанын білдіреді. Жарыстың өзі жоғары деңгейде өтті және мен үшін тамаша тәжірибе болды, – дейді Ислам Бозбаев.

Алда дзюдошыны Астанадағы жаттығу күтіп тұр. Онда жаттықтырушылар құрамы қарағандылық спортшы қандай жарыстарда өңір мен елдің намысын қорғайтынын шешеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/995782?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді