
Орал бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Орал станциясында жолаушылар поезында аса қауіпті инфекцияға (белгісіз этиологиялы қызба) күдікті науқасты анықтаған жағдайда санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру барысында қызметтер мен ведомстволардың өзара іс-қимыл тәртібін пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр.
Осыған байланысты басқарма оқу-жаттығуға қатысатын тиісті қызметтер мен мүдделі ведомстволардың өкілдерінің қатысуымен семинар ұйымдастырды. Семинар барысында оқу-жаттығуды әзірлеу және өткізу мәселелері талқыланып, аталған іс-шаралардың мақсаты, міндеттері мен кезеңдері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, төтенше жағдай туындаған кезде жедел әрекет ету, өзара ақпарат алмасу және эпидемиологиялық қауіп-қатерді жою бойынша ведомствоаралық іс-қимыл алгоритмдері нақтыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/996109?lang=kk
Жауап қалдыру