
Астана, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары бауырластық пен тату көршілік рухында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпжоспарлы қазақ-қырғыз ынтымақтастығының жай-күйі мен оны кеңейту перспективаларын жан-жақты талқылады.
Министрлер халықаралық құрылымдар, соның ішінде БҰҰ, ТМҰ және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері шеңберіндегі өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша «сағаттарды теңестіріп», көпжақты форматтарда өзара қолдауды жалғастыруға берік міндеттемелерін растады.
Тараптар ағымдағы жылы биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру жоспарларын талқылап, Астана мен Бішкек арасындағы одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілік білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/996436?lang=kk
Жауап қалдыру