Қосшы қаласының әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау қалалық мәслихат депутаты, қоғамдық кеңес мүшесі және жауапты бөлім басшыларының қатысуымен өтті.

Қабылдау барысында тұрғындар жол құрылысы, тұрғын үй кезегі, кәріз жүйесін жаңғырту, көше шамдарын орнату, қаңғыбас иттер мәселесі, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту сынды өзекті мәселелерді көтерді.

Әрбір азаматтың өтініші жеке қаралып, тиісті жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Естеріңізге саламыз!
Қосшы қаласы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/995730?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді