
Ағымдағы жылдың мамыр айының 19-ші жұлдызы мен шілде айының15-ші жұлдызы аралығында зиянды шегірткелерге қарсы (италияндық, азиялық және саяқ шегірткелер) химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз. Химиялық өңдеу жұмыстары жер беті техникаларымен және авиямен(ұшақ және дронмен) жұргізілетін болады.
Осыған байланысты ауыл тұрғындары, бақташылар, омарташылар химиялық өңдеу жұргізілген аумақтаарда техникалық қауіпсіздік шараларын сақтауды, дәрі шашылған жерлерге 7 күнге дейін бал араларын және 3 күнге дейін мал жаюға және демалуға болмайтындығын ескертеміз. Бүгінгі күнде аудан бойынша және барлық ауылдық округтерінде шегіртке тектес аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы күрес үшін құрылған штаб мүшелері жұмыс істейді. Сондықтан қала, ауыл тұрғындарының назарына саламыз, шегіртке шоғырланған жерлерін (кулигаларын) көрсеңіздер дереу сол ауылдың әкімшілігіне хабарласуыңызды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-aitu-bi/press/news/details/997029?lang=kk
Жауап қалдыру