ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА «БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сыртқы және ішкі мемлекеттік аудиттің негізгі міндеті – мемлекеттік бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қадағалау болып табылады.
Конференцияға облыстық қаржылық бақылау органдарының, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының өкілдері және Сырдария ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының, аудандық бөлімдердің, ауылдық округтердің, кенттердің, мәдениет үйлері мен клубтардың басшылары мен есепшілері, сонымен қатар, ауданның аумағында орналасқан бюджеттік ұйымдардың (білім бөлімі, мектептер, балабақшалар, орталық аурухана, спорт мекемелері) басшылары мен қаржы жөніндегі жауапты мамандар қатысты.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес облыстық тексеру комиссиясының Жоспарлау, есептілік және сапа бақылау бөлімінің басшысы Иманкулов А. А., Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы Ұзақбаев Ә. С., Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Баков Е. С. және Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментінің Сырдария аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Рахымшаева З. Б. баяндама жасап, есепшілер тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға баяндамашылар тарапынан нақты жауаптар берілді.
Тексеру комиссиясымен ұйымдастырылған конференцияның негізгі мақсаты мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қаржылық бұзушылықтардың алдын-алу, қаржылық тәртіпті нығайту, бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
Отырыс қорытындысымен мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор басшыларына есепші мамандарды арнайы курстардан оқытып, біліктілігін арттырып отыру қажет екендігі ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/996240?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді