
Бүгін, 14 мамыр күні Қызылсай ауылының әкімі Қанат Аманжанов тұрғындармен есеп беру кездесуін өткізді. Кездесуге Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев, қала әкімінің орынбасарлары мен тиісті мекеме басшылары қатысты.
Ауыл әкімі өз баяндамасында Қызылсай ауылының 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндап, жыл бойы атқарылған жұмыстар мен 2025 жылға жоспарланған негізгі бағыттарды таныстырды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Кездесуден кейін қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев ауыл тұрғындарын жеке қабылдап, көтерілген мәселелер бойынша нақты түсініктемелер мен жауаптар берді. Қабылдау барысында тұрғындар маршруттардың жетіспеушілігі, мемлекеттік субсидия алу тәртібі және басқа да әлеуметтік сипаттағы сұрақтар бойынша кеңес алды. Бірқатар мәселелер сол жерде оң шешімін тапты.
Тұрғындардың өтініш-арыздары тиісті органдарға жолданып, алдағы уақытта бұл мәселелердің шешімі бойынша жүйелі жұмыс жүргізілетін болады.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары ауыл әкімінің атқарған жұмысына оң баға беріп, елді мекеннің дамуына бағытталған бастамаларына қолдау білдірді. Тұрғындар сондай-ақ ашық диалог орнатып, өзекті мәселелерге назар аударғаны үшін әкімдік өкілдеріне алғыс айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-zhanaozen-kyzylsai/press/news/details/995737?lang=kk
Жауап қалдыру