САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ҮШІН ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Аудан әкімінің кубогы үшін Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде жайдарман финал ойыны өтті. Талантты жастардың басын бір арнаға тоғыстырған жайдарман – жастардың шығармашылық алаңы ғана емес, қоғамдағы түйткілді мәселелерді әзілмен астарлай жеткізетін өнер.

Бүгінгі жайдарман ойынының финалында аудан әкімі Арман Абдуллаев жайдарман ойынының қорытындысымен құттықтап, талантты, дарынды жастарға қолдау көрсетуге әрқашан дайын екенін жеткізді. Финалға жеткен әр командаға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Сайыс қортындысында көрермендерді күлкіге батырып, қазылар алқасының көңілінен шыққан «36 құрамасы» командасы І орынды иеленіп, аудан әкімінің кубогын жеңіп алса, ІІ орынға «Саякент» командасы лайықты болды. ІІІ орын «КТМ» командасына бұйырды.

Айта кетсек, 2024 жылдың желтоқсан айында бастау алған «Маусымашар» жайдарман ойындарында аудан бойынша 20-дан астам команда өнер көрсеткен болатын. Сахна мәдениеті мен шеберлігі, ән мен би, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы, мимика сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтитын әзіл-қалжың шығармашыл жастардың шеберліктерін жетілдіре түскенін әр ойын көрсетті. Ұтымды ой, қағытпа қалжыңға толы көңілді тапқырлар ойынының финалдық бәсекесіне 5 команда қатысты.

Финалдың ерекшелігі елімізге белгілі жұлдыз жайдарманшы, қазіргі таңда еліміздің танымал «Жездуха» сериалының актері, «Миллион» командасының ойыншысы Тасхан Қанат Әбдіханұлы, “Байдың балалары” командасының ойыншысы Ұлан Мамырбекұлы аудан жастарымен бірге бір сахнада өнер көрсетті.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/996834?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді