Шомылу маусымына дайындық бойынша брифинг өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысы ТЖД Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында өңірде шомылу маусымын өткізуге дайындық туралы ақпарат берілді.

ТЖ департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қыдыржан Наскенов атап өткендей, облыс аумағында 47 жағажай бар, оның ішінде 27 коммуналдық және 20 жеке жағажай болып табылады.

“Жаз-2025 ” шомылу маусымында адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралардың кешенді жоспары” шеңберінде бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Азаматтардың, оның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде су айдындарында көктемгі кезеңнің басынан бастап 1164 рейдтік іс-шара өткізілді, оның ішінде түнгі іс-шаралар, 6844 жадынама нұсқау берілді және таратылды. ТЖД Білім басқармасымен бірлесіп оқу орындарында 1324 адам қамтылған 56 ашық сабақ, 812 адам қамтылған 19 практикалық сабақ өткізілді, 2125 адам қамтылған 61 сынып сағаты ұйымдастырылды, сонымен қатар оқу орындарында 526 қауіпсіздік бұрышы жабдықталған.

Жазғы кезеңде Ertisromenade сахнасында “Бақытты балалық шақ” қауіпсіздік мектебінің жұмыс істеуі қайта жанданды. Павлодар қаласының Орталық жағалауындағы балалар мен ересектер апта сайын судағы қауіпсіздік ережелерін, жүзу қабілетін және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуді үйренеді.

Сондай-ақ, “Бақытты балалық шақ” қауіпсіздік мектебінің “Халық радиосымен” жұмысы қайта жанданды, балалар радиохабарлар арқылы, балалар әңгімелері мен ертегілері арқылы оқытылатын болады.

Облыс аумағында 123 рамалық-модульдік бассейн бар. Жыл басынан бері барлығы 5200 оқушы жүзуге үйретілді.

Павлодар қаласының аумағында учаскенің сипаттамасымен QR-кодтары бар 45 тыйым салу белгілері әзірленіп, орнатылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/996677?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді