Шымкентте жекеменшік мектептердің мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменованың төрағалығымен жекеменшік білім беру ұйымдарының директорларымен кеңейтілген жиын өтті. Кездесу Seitzhan School мектебінде ұйымдастырылып, қаладағы жекеменшік мектептердің өзекті мәселелері талқыланды.

Жиын барысында білім беру саласының келесі бағыттары қамтылды:

🔹 2024–2025 оқу жылының аяқталуы;
🔹 “Алтын белгіге” және Үздік аттестатқа үміткерлердің құжаттарын тексеру қорытындылары және 9, 11 – класс оқушыларының қорытынды аттестаттауы;
🔹 2025–2026 оқу жылына
1-сыныпқа қабылдау тәртібі;
🔹 Оқушылардың құқықбұзушылықтарының алдын алу және жазғы демалыстағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазғы лагерьді ұйымдастыру;
Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігі мәселесі;
🔹 Педагогтерді аттестаттау ережесі туралы;
🔹 Kundelik.kz электронды журналы және Ұлттық білім беру деректер қоры (НОБД) жүйесінің дұрыс жүргізілуі.

Жиынға Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 128 жекеменшік мектептердің басшылары қатысты.

Кездесу барысында мектеп директорлары өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, білім сапасын арттыру, оқу процесінің тиімділігін күшейту және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында нақты ұсыныстар білдірді.

Жиын қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешу үшін тиісті шаралар қабылданып, білім беру сапасын арттыру бойынша жұмыстарды күшейту жөнінде шешім қабылданды. Мектеп басшылықтарына нақты тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/995901?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді