
Сібір жарасы – ауыл шаруашылығы малдарының және жабайы аңдардың барлық түрлерінің, сондай-ақ адамдардың аса қауіпті инфекциялық ауруы. Төрт аяқтыларда ауру жіті түрде, ал адамдарда көбінесе тері түрі дамиды.
Сібір жарасы адамнан адамға берілмейді, сондықтан науқас адам басқа адамдарға жұқтыра алмайды.
Бұл инфекцияның негізгі көзі – ауру жануарлар.
Денсаулығыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке тұлғалардан жануарлардың етін ветеринариялық расталмаған және сатуға тиісті рұқсаты жоқ жерлерде сатып алуға болмайды.
Сібір жарасының белгілері: жалпы әлсіздік, бас ауруы және бұлшықеттің ауруы. Теріде қызыл дақтар пайда болады, қара жараға тез айналады.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/996825?lang=kk
Жауап қалдыру