Ұлттық статистика бюросы талантты жастар үшін ашық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Астана» Халықаралық университетінің Жоғары Экономика мектебі алаңында Ұлттық статистика бюросы өкілдерінің «Менеджмент», «Қаржы», «Маркетинг» және «Экономика» бағыттары бойынша 3 және 4-курс студенттерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында адами ресурстарды дамыту департаментінің директоры Арсен Жақыпов мемлекеттік секторда жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кандидаттарға қойылатын талаптар мен Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі мансаптың даму ерекшеліктері туралы айтып берді.

Бюроның жас сарапшысы Арман Амантай «eQyzmet» цифрлық платформасы туралы презентация ұсынып, Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі туралы айтып, өз тәжірибесін ортаға салды.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, қызықтырған тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, Бюро өкілдерінен толық жауаптар алды.

Естеріңізге сала кетейік, Бюро жоғары оқу орындарының түлектерін қоса алғанда, жас мамандарды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Осы жұмыс шеңберінде еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының соңғы курс студенттерімен кездесулерді қоса алғанда, жастарды мемлекеттік қызметке тартуға және ақпараттандыруға бағытталған іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады.

Мұндай кездесулер ұзақ мерзімді перспективада мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға үлес қосуға дайын жас, білікті мамандарды Бюро қатарына қабылдауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/996701?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді