
Заң мен тәртіпті нығайту мақсатында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының еріктілері Түркістан қалалық Халыққа қызмет көрсету бөлімі мен Мамандандырылған орталықтың қызметіне қоғамдық мониторинг жүргізді.
Зерделеу барысында еріктілер жұмыс кестесімен, көрсетілетін қызметтер тізбесімен, электрондық терминалдың қызметін, сондай-ақ қызметкерлердің сыпайылығы мен құзыреттілігімен танысты.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жасалған «кедергісіз орта» қалыптастыру, олар үшін қызметтердің қолжетімділігіне назар аударылды.
Мониторинг жұмысы әрі қарай жолаушыларды тасымалдаудың сапасын жақсарту мақсатында темір жол вокзалында жалғасты.
Айта кетейік, біз тұрғындардың тыныс-тіршілігіне тікелей әсер ететін салалардағы жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі шараларды антикор еріктілерімен бірге тұрақты негізде жүргізетін боламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-turkestan/press/news/details/995681?lang=kk
Жауап қалдыру