Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында IІІ облыстық «Ілияс Есенберлин» байқауының қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 13-15 мамыр аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында IІІ облыстық «Ілияс Есенберлин»  байқауы өткізді.

Ілияс Есенберлин байқауының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиттерді  оқуға  деген қызығушылықтарын арттыру.

Ілияс Есенберлин байқауының негізгі міндеттері жазушының шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Байқау екі айналым бойынша өткізілді. I айналым тест тапсырды.

Екінші айналым бойынша «Ілияс Есенберлин»  байқауы 3 номинация бойынша өткізілді.

1) «Тарихтың көркем суреткері» – эссе жазу номинациясы

2) «Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ…» – Ілияс Есенберлин шығармаларынан үзінді оқу номинациясы

3) «І. Есенберлин шығармаларының тақырыптық-идеялық жүйесі» – Ілияс Есенберлин еңбектері бойынша шығармашылық зерттеу жұмысы

Байқау қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, грамотамен – 5 оқушы марапатталды.

Байқауының қорытындысы бойынша I-дәрежелі  дипломмен марапатталған оқушылар:

«Тарихтың көркем суреткері» номинациясы бойынша Құрманбек Асылназ – Аршалы ауданы Қостомар ауылының жалпы орта білім беру мектебінің 9- сынып оқушысы.

 «Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ…» номинациясы бойынша Айтқожа Ерасыл – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9- сынып оқушысы;

«Ілияс Есенберлин шығармаларының тақырыптық-идеялық жүйесі» номинациясы бойынша Казиханов Дарын – Атбасар ауданы Атбасар қаласының  №8 жалпы орта білім беретін мектебінің 10- сынып оқушысы.

Байқауының қорытындысы бойынша IІ-дәрежелі  дипломмен марапатталған оқушылар:

«Тарихтың көркем суреткері» номинациясы бойынша Темирбеков Саят –  Атбасар ауданы Атбасар қаласының  №8 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

«Тарихтың көркем суреткері» – номинациясы бойынша Ахметова Сабина – Степногорск қаласы  Бестөбе кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінің  11-сынып оқушысы.

 «Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ…» номинациясы бойынша Жуманова Аружан  – Аршалы ауданы Бұлақсай ауылының № 2 жалпы орта білім беру мектебінің 9 -сынып оқушысы;

«Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ…» номинациясы бойынша Асаубай Шыңғысхан – Атбасар ауданы Атбасар қаласының  №8 жалпы орта білім беретін мектебінің 10- сынып оқушысы;

«Ілияс Есенберлин шығармаларының тақырыптық-идеялық жүйесі» номинациясы бойынша Шаймұрат Әмина – Көкшетау қаласының № 20 мектеп-гимназиясының 9- сынып оқушысы.

Байқауының қорытындысы бойынша IІІ-дәрежелі  дипломмен марапатталған оқушылар:

«Тарихтың көркем суреткері» номинациясы бойынша Сатыбалды Абилмансур – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 11-сынып оқушысы;

«Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ…» номинациясы бойынша Садық Гүлсана –       Целиноград ауданы бойынша Талапкер ауылы ІТ мектеп-лицейінің 8 -сынып оқушысы;

«Ілияс Есенберлин шығармаларының тақырыптық-идеялық жүйесі» номинациясы бойынша Әзім Балауса – Қосшы қаласы №4 жалпы білім беретін мектебінің 9- сынып оқушысы.

 Байқауының қорытындысы бойынша грамотамен марапатталған оқушылар:

«Тарихтың көркем суреткері»  номинациясы бойынша Тлеміс Аяулым –        Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі “Макинск қаласының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебінің 11- сынып оқушысы;

«Тарихтың көркем суреткері»  номинациясы бойынша Жалынбек Аяжан –  “Көкшетау қаласы,Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10- сынып оқушысы;

«Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ…» номинациясы бойынша Өмірбекұлы Мади –  Ақкөл ауданы Новорыбинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8- сынып оқушысы;

«Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ…» номинациясы бойынша Габбас Күмісай – Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Бестөбе кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11- сынып оқушысы;

«Ілияс Есенберлин шығармаларының тақырыптық-идеялық жүйесі» номинациясы бойынша Сембай Дидар         – Степногорск қаласы Ақсу кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8- сынып оқушысы

Шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!!!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/995935?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді