
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының өкімімен Түркістан қаласы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына Досжанов Бауыржан Абайұлы тағайындалды.
Досжанов Бауыржан Абайұлы 1988 жылғы 28 мамырда дүниеге келіп, 2005–2009 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Жерге орналастыру және кадастр» мамандығы бойынша, ал 2014–2017 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылдан бастап, жер қатынастары саласында түрлі жауапты мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқарып келеді. Жалпы еңбек өтілі — 16 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі — 13 жылдан аса.
Бауыржан Досжанов осыған дейін 2012–2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Астана қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясының Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау бөлімінде бас маман;
2015–2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын және геодезиялық қызметті мемлекеттік бақылау басқармасының бас сарапшысы;
2016–2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінде Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын және геодезиялық қызметтерін мемлекеттік бақылау басқармасында бас сарапшы;
2019–2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау басқармасында бас сарапшы;
2020–2022 жылдары — Түркістан облысы әкімінің аппаратындағы Мемлекеттік құқықтық бөлімінде бас инспектор;
2023 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/995678?lang=kk
Жауап қалдыру