Жетісу облысының тұрғындарынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Жарияланды:

Автор:

категорияда
  1. Сұрақ: «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша қандай көмек көрсетіледі?

Жауап: «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келген мамандарға екі түрлі көмек көрсетіледі: бір реттік көтерме жәрдемақы немесе тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит. 

  1. Сұрақ: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қалай тіркелуге болады?

  Жауап: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке тіркелуге Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, келесі  құжаттарды ұсыну керек: өтініш, әскери қызметшілер үшін қызмет орнына анықтама, жұмыс орнынан анықтама, медициналық анықтама, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжат, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, Ұлы Отан соғысының қатысушыларын қоспағанда) соңғы он екі ай ішінде табысы туралы мәліметтер.

  1. Сұрақ: Мемлекеттен сатып алу құқығынсыз берілген жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіруге  бола ма? 

Жауап:  Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй жергілікті тұрғын үй инспекциясы бөліміне мынадай құжаттарды ұсынған кезде жекешелендірілуі мүмкін: сатып алу құқығынсыз берілген жалға берілетін тұрғын үйді жалға алушының барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері қол қойған өтініш, өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не төлқұжаттарының көшірмелері, неке қию (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері, тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама, жалдау шартының көшірмелері, тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы құжат, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығын растайтын құжат, жұмыс орнынан анықтама және мемлекеттік тұрғын үйді өтеусіз (тегін) жекешелендіруге құқығы бар азаматтар қатарына жататындығын растайтын анықтама.

  1. Сұрақ: Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын қандай ұйымдар жүргізеді?  

  Жауап: Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын осы салада арнайы дайындықтан өткен және тиісті рұқсаты бар ұйымдар ғана жүргізеді. Мұндай ұйымдар туралы ақпаратты «Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан немесе оның жергілікті бөлімдерінен біле аласыздар.

 

  1. Сұрақ: Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

Жауап: Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жергілікті атқарушы органдарға өтінішпен жүгініп, бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай, не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда кезектілікке сәйкес беріледі.

  1. Сұрақ: Бос тұрған жер учаскесін қосалқы шаруашылық жүргізу үшін қалай алуға болады?

Жауап: Жер қатынастары саласына жетекшілік ететіңн жергілікті атқарушы органға өтініш білдіре отырып, жер заңнамасының талаптарына сәйкес жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде қосалқы шаруашылық жүргізу үшін бос жер учаскесін алуға болады.

  1. Сұрақ: Су беру қызметін субсидиялауға өтінім беру мерзімдері қандай?

Жауап: Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасуына байланысты әр жылдың 1 мамырынан бастап 30 қарашасына дейін жүзеге асырылады.

  1. Сұрақ:  Коммерциялық мақсаттағы құрылыстарды салу үшін жер учаскесін қалай алуға болады? 

Жауап: Жер учаскесі орналасқан жердегі әкімдікке өтініш беру арқылы заңнамада белгіленген тәртіппен конкурсқа қатыса отырып, коммерциялық мақсаттағы құрылыстарды салу үшін жер учаскесін алуға болады, сондай-ақ жер учаскелері сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) қойылған уақытта алуға болады.  

  1. Сұрақ: Шаруа қожалығын дамыту үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру, жалдау қалай жүргізіледі? 

Жауап: Жер заңнамасының талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру жалдау құқығын беру жөніндегі конкурс негізінде жүзеге асырылады. Жер комиссиясы тендерлік ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және инвестициялық жобаның болжамды көлемін қоса алғанда, бизнес-жоспарға сәйкес ұпайлар беру арқылы жеңіп алған конкурстық өтінімді айқындайды. Ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады.

  1. Сұрақ:   Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін субсидияланатын жұмыс орындарының қандай түрлері бар?   

Жауап: Жұмыссыз тұлғаны жұмысқа орналастыру мақсатында субсидияланатын келесі жұмыс орындары ұйымдастырылады: Жасы 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарға «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары, жасы 50-ден асқан жұмыссыздарға «Күміс жас» жобасы, жұмыссыз азаматарға «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы бар.

Субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу  үшін мекенжайы бойынша Мансап орталығына жүгіне алады немесе «Электрондық еңбек биржасы порталына» онлайн түрде өтінім беруге болады.                    

                               

Ақпарат Жетісу облысы әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөлімі тарапынан ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/996067?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді