
Бүгін қалалық мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес төрағасы келесі жылу маусымына дайындық барысын қадағалау мақсатында №1 қазандыққа барды. Бүгінгі күнде дайындық жұмыстары басталған. Барлық жұмыстардың мердігерлері анықталған. №1, №2 және №5 қазандықтар – іші тазартылып жуылып, техникалық дайын күйде тұр. № 3,№4 қазандықтарды – жөндеу жұмыстары жақын арада басталады. Желілік су трубаларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс қазандықтың тиімділігін арттыру және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатыр. Газ шығысы шахтасын жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Электрогенератор іске қосылып, тексерістен өттіп – толықтай жұмысқа дайын. Экономайзер мен аккумбак жабдықтарын жаңартуға және 3-қабаттағы электр тарату бөлмесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат қарастыру керек. Барлық нысандар бойынша дайындық жұмыстары бақылауда. Жұмыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуы қалалық мәслихат депутаттарының бақылауында болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/996094?lang=kk
Жауап қалдыру