📍 «Адам – табиғат перзенті» облыстық семинары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 16 мамырында Бөкей Ордасы ауданындағы «Ақбота» бөбекжайында БҚО білім басқармасы мен аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес облыстық семинар өтті.

🔹 Мақсаты – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

🔹 Семинарға БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, бөлім басшысы Нұргүл Умарова, облыстық және аудандық әдіскерлер, сондай-ақ облыс аудандарынан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

🔹 Екі күндік семинар бағдарламасында:
– Ұлттық дәстүрге сай қарсы алу, мұражай мен орман алқабына саяхат;
– «Табиғаттағы спорттық ойындар» тәжірибе бөлісу;
– Жәңгір ханның ағартушылық қызметіне арналған қойылым;
– Шеберлік сағаттары мен кіріктірілген ойын іс-әрекеттері ұйымдастырылды.

📌 12 практикалық іс-шараға 30-ға жуық педагог қатысып, тәжірибе алмасты. Табиғатты аялауға тәрбиелеу бағытындағы семинар жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар жылы әсермен тарқасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/998319?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді