Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақсу қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас инженері, аға лейтенант Аутай Азамат Ерболатұлы, ата-аналарға балалардың су айдындарындағы қауіпсіздігі, балалардың терезеден құлауының алдын алу, өрт қауіпсіздігі туралы айтып берді. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – кәмелетке толмағандардың сағат 23.00-ден кейін үйлерінен тысқары шығуының алдын алу, қорқыту, бопсалау, денсаулыққа зиян келтіру, жалған терроризм, жол-көлік жарақаттары, мотороллер міну, ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін ата-аналардың жауапкершілігі туралы айтып өтті. Олар сонымен қатар парақшалар мен брошюралар таратты.
Жиын соңында мектеп директоры Калиева Ж.Т. оқу жылының аяқталуы, аралық және мемлекеттік емтихандардың өткізілуі мен мектеп жанындағы мамандандырылған лагерлердің жұмысы туралы айтып өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksu-goo/press/news/details/998073?lang=kk
Жауап қалдыру