
Атап айтқанда, Ескі-Шу, Төле би, Жаңа жол, Қонаев, Қорағаты және Ақтөбе ауылдық округтерінде ұйымдастырылған іс-шаралар барысында жергілікті тұрғындармен және жастармен ашық форматта сұхбаттар өткізілді.
Кездесу мақсаты – қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, тұрғындармен тығыз байланыс орнату және жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді талқылау. Шараға құқық қорғау және жергілікті атқарушы органның өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан түрлі ұсыныстар мен көтерілген мәселелер ортаға салынып, тиісті сала мамандарымен бірлесе отырып нақты жауаптар берілді. Мұндай кездесулер жергілікті халықтың пікірін ескеруге, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіруге және тұрғындармен өзара сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sayasat/press/news/details/998240?lang=kk
Жауап қалдыру