2025 жылы өтетін ауыл шаруашылығы санағы туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының 2025 жылғы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес ҚР Үкіметінің «2025 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы» 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 Қаулысы қабылданды.

Санақ субъектілері:

– мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер;

– жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері бар және/немесе ауыл шаруашылығы жануарлары бар үй шаруашылықтары.

Санақ объектілері:

– жер және егіс алаңы;

– ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының саны;

– ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары;

– мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары;

– ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарына арналған өндірістік ғимараттар мен үй-жайлар;

– ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар.

Санақ өткізілу реті.

Ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі:

– 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін 30 күн ішінде арнайы веб-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен;

– сауалнаманы толтырмағандардың тізімін жасау үшін 20 күн ішінде одан әрі өңдеу жүргізіледі.

– санақ 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазан 30 күн аралығында, санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен және планшеттерді қолданумен жүргізіледі.

Тартылған кадрлар:

Аудан бойынша 2025 жылдың 1 маусымынан бастап 14 адам нұсқаушы және 54 интервьюер жұмысқа тарту жоспарлануда.

Еңбекақы сомасы:

– жоғары білімі бар нұсқаушы С-2 санаты және 25 жылдан астам еңбек өтілі 188048,32 тг.;

– орта техникалық білімі бар С-3 санаты және 25 жылдан астам еңбек өтілі бар жалақысы – 143274,91 тг.

– интервьюерлер барлық кезең үшін төлем 30 күн 185 366 тг. құрайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/997423?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді