Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде этика жөніндегі уәкіл Сәуле Садвакасованың ұйымдастыруымен кезекті профилактикалық семинар өтті. Іс-шараға өңірдің аумақтық басқармаларының қызметкерлері қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Семинарды аша отырып, Сәуле Садвакасова мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін мүлтіксіз сақтау маңыздылығын атап өтіп, әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударды. Ол өз сөзінде әсіресе жаңадан қабылданған мамандарға тоқталып, олардың алғашқы жұмыс күндерінен бастап этикалық нормаларды түсінуі мен ұстануы аса маңызды екенін атап өтті.
Семинар бағдарламасы аясында киберқауіпсіздік ұғымы мен анықтамасы, ақпараттың құпиялығы мен қолжетімділігі мәселелері, сондай-ақ ұйымдарда деректерді қорғау тәсілдері сияқты өзекті тақырыптар қарастырылды.
Сонымен қатар, этика жөніндегі уәкіл қазіргі цифрлық кеңістіктегі ең өзекті қауіптердің бірі болып отырған интернет-алаяқтық мәселесіне де тоқталды. Қатысушыларға ақпараттық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау және жеке әрі қызметтік деректермен жұмыс істеуде барынша сақ болу қажеттігі еске салынды.
Мұндай семинарлар мемлекеттік қызметтегі этикалық қағидаттарды нығайтуға ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер арасында киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға да септігін тигізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/998243?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді