Ақтөбеде мамандарды мектептегі дұрыс тамақтануды ұйымдастыруға оқытты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбеде Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің, Денсаулық сақтау басқармаларының, Білім басқармаларының және олардың аудандық бөлімшелерінің жауапты мамандарына арналып оқыту семинары өткізілді.

Мамандар стандарттың негізгі өзгерістерін, тамақтану сапасын бақылау жүйесін, сондай-ақ теңдестірілген мектеп мәзірін құру принциптерін талқылады. Мектептегі ас блоктарының қызметіне және тамақтану қызметтерін жеткізушілермен жұмыс кезінде стандартты енгізудің практикалық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара соңында барлық қатысушыға оқудан өткендігі туралы сертификаттар табысталды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/998107?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді