
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Сарыағаш станциясының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары, Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, ШЖҚ «Сарыағаш аудандық көпсалалы аурухана» Сарыағаш шекара және кеден қызметтерінің, ҚР ДСМ СЭБК ШЖҚ «Ұлттық сараптама орталығы» қызметкерлерімен бірге карантиндік және аса қауіпті инфекция белгілері бар науқас анықталған жағдайда қызметтердің іс-қимыл тактикасы бойынша оқу-жаттығу өткізді.
Оқу-жаттығу барысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, карантиндік шаралар, сондай-ақ қауіпті инфекциялармен күресу бойынша әрбір қызметтің өзара іс-қимылдарын пысықтау мақсатында түрлі сценарийлер қарастырылды. Жаттығу барысында қызметкерлер нақты жағдайларда жұмыс істеуге дайындықтарын көрсетті, соның ішінде науқас адамды анықтап, оны оқшаулау, қажетті медициналық көмек көрсету, сонымен қатар эпидемиологиялық тексерістер мен зерттеулер жүргізу сияқты шаралар қарастырылды.
Бұл іс-шара эпидемиологиялық жағдайды бақылауға алу, инфекцияның таралуының алдын алу және тиісті шараларды дер кезінде қабылдау үшін аса маңызды болды. Оқу-жаттығу нәтижесінде қатысушылар өздерінің іс-қимыл тактикаларын жетілдіріп, тиісті қызметтер арасындағы координацияны нығайтуға мүмкіндік алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/998228?lang=kk
Жауап қалдыру