Аудан әкімінің тұрақты кездесулері

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін жоспарлы іссапар аясында Аққайың ауданының әкімі Жанар Құсайын Ивановка және Полтавка ауылдарының тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Ашық диалог форматында өткен кездесуде ауыл тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, ауылішілік жолдар мен Смирново – Ивановка бағытындағы облыстық жолдың жай-күйіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, электр жарығының өшуі мәселесі де талқыланды. Аудан әкімі көтерілген әрбір сұрақ бойынша толыққанды түсініктеме берді. Барлық айтылған мәселелер тіркеліп, салалық мекемелермен бірлесіп қаралатын болады. Мұндай кездесулер – халықпен кері байланыстың маңызды құралы және тұрғындар көтерген мәселелерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ кездесу аясында алғыс хаттар табысталды.
Қызылжар ауданы Тепличное ауылында су тасқынының алдын алу және салдарын жою шараларына белсенді қатысқан ауыл тұрғындарына СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің және Қызылжар ауданы әкімінің алғыс хаттары табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn/press/news/details/997726?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді