БӘЙДІБЕК: АДАМ САУДАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Аудан орталығында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында адам саудасының алдын алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау мәселесіне арналған ақпараттық-насихаттық жиын өтті. Жиынды Бәйдібек ауданы әкімі аппаратың басшысы Фазылбек Мухаддасұлы жүргізді.
 
Іс-шараға Түркістан облысы Полиция департаментінің, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілдері, сондай-ақ «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы қоғамдық бірлестігінің мамандары қатысты.
Сонымен қатар, жиынға аудан кәсіпкерлері, мекеме басшылары мен қызметкерлері, жастар, әлеуметтік сала қызметкерлері және жергілікті БАҚ өкілдері де қатысты.
 
Күн тәртібінде адам саудасының алдын алу, мәжбүрлі еңбек құрбандарын проактивті анықтау, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелері қаралды.
 
Жиын барысында Мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Игілікұлы, Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы Тынкозиев Бақдәулет Қадырбекұлы және «Сана Сезім» қоғамдық бірлестігінің директоры Хасанова Шахноза Кулабдулаевна баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
 
Сондай-ақ, жиында Бәйдібек ауданы прокурорының орынбасары Садықов Берік Бақытжанұлы да тақырып аясында баяндама жасап, құқықтық реттеулер мен атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат берді.
 
Аталған жиын – адам саудасы сияқты өзекті мәселелердің алдын алудағы құқық қорғау, еңбек инспекциясы, үкіметтік емес ұйымдар және жергілікті билік өкілдерінің бірлескен іс-қимылының маңызды көрінісі болды. Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс айтылып, жиын қорытындыланды.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/997549?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді