
15.05.2025 жылы Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі Өскемен қаласының әкімдігінің №18 орта мектебінің оқушыларына қоғамдық орындарындағы тәртіп ережелерін түсіндіру мақсатында «Заң және тәртіп» қағидатын ақпараттық жариялау бойынша «Буллинг, Кибербуллинг» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс барысында, оқушылар буллинг, кибербуллинг ұғымымен, олардың салдарымен, түрлері мен формаларымен танысты. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі, оқушылар, ата-аналар тарапынан қорқытуға қарсы күрес тәсілдері келтірілген. Қорғау әдістері мен тәсілдері, оларды хабарлау кезінде құпиялылық құқықтары туралы хабардар етілді. Буллингпен, кибербуллингпен күресу үшін қолданылатын негізгі ережелер мен заңдар қамтылған.
Дәрісті өткізу барысында оқушыларға қажетті консультациялық көмегі көрсетілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/997862?lang=kk
Жауап қалдыру