
Полиция департаментінің киберпол қызметкерлері “Anti-fraud” іс-шарасы аясында интернет-алаяқтық жасаған ер адамды ұстады. Ол “Free Fire” мобильді ойынының жетілдірілген аккаунтын сатамын деп өзгенің 2 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген.
6-сынып оқушысы ұсынысқа қызығып, күдіктінің нұсқауы бойынша анасының банк картасын суретке түсіріп, карта деректері мен аударым жасауға арналған кодты жолдаған. Шотында ақшаның жоғалғанын байқаған анасы полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды.
Полиция ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы жиі ескертіп отыруға кеңес береді. Бөгде адамдарға банк деректерін ешқашан хабарламау керектігін әрдайым еске салып жүрген абзал.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/997310?lang=kk
Жауап қалдыру