ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – ПОЛИЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысының бас полицейі Мейрам Әбікеев азаматтарды кезекті қабылдауды өткізді. Қабылдау жеке түрде де, шалғай елді мекендердің тұрғындарының қатысуымен онлайн режимде де өтті.

Мұндай өзара іс-қимыл форматы азаматтардың өзекті мәселелерін шешуде және халық пен полиция арасындағы кері байланысты нығайтуда тиімді құрал ретінде өзін көрсетті. Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір жүгінуші өз мәселесін жеткізу мүмкіндігіне ие болды.

Қабылдау барысында азаматтарды толғандырған және өзекті мәселелер айтылып, жан-жақты қарастырылды: қылмыстық істерді тергеу барысы, учаскелік полиция инспекторларының қызметі, көші-қон заңнамасына қатысты сұрақтар, ауылдық жерлердегі қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері.

Барлық өтініштер мұқият тыңдалып, әрқайсысы бойынша тиісті қызметтер мен аумақтық бөлімшелерге нақты тапсырмалар берілді. Департамент басшысы әрбір өтініш назардан тыс қалмайтынын, барлық мәселелердің қаралуы жеке бақылауына алынғанын атап өтті.

– Ашықтық, тыңдай білу және әрекет етуге дайын болу – құқық қорғау органдарына деген сенімнің негізі. Біз әрбір облыс тұрғынының дауысы маңызды екенін сезінуіне ұмтыламыз, – деді М. Әбікеев.

Азаматтарды қабылдау полиция департаменті басшылығы тарапынан тұрақты түрде өткізіледі. Мұндай тәжірибе жүйелі проблемаларды анықтауға және қоғам сұраныстарына жедел әрекет етуге ғана емес, сондай-ақ құқық қорғау жүйесіне деген қоғамдық сенімді нығайтуға септігін тигізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/997202?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді