
16 мамырда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Kaz Munai Technology» ЖШС-нің мұнай-газ саласына арналған жаңа зауытының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, кәсіпорын жұмысына табыс тіледі.
Зауыт мұнай-газ және коммуналдық нысандарды жоғары сапалы жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 150 қашықтан басқарылатын станок-качалка, 500 басқару шкафы, 400 интеллектуалды басқару станциясы және 600 жиілікті түрлендіргіш өндіруге жетеді.
Өндіріс орнында металл табақтарын лазерлік кесу мен майыстыруға арналған жоғары дәлдіктегі жабдықтар, сондай-ақ антикоррозиялық жабындар жағуға арналған бояу желілері қолданылады.
Қазіргі уақытта зауытта 35 қызметкер жұмыс істейді. Алдағы уақытта жұмыс орындарының саны бірнеше есе артады деп күтілуде.
Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап кәсіпорын мұнай насосы мен құбыр жабдықтарын шығаратын өндіріс желісін кеңейту жобасын жүзеге асыруда.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/998082?lang=kk
Жауап қалдыру