
Ағымдағы жылдың 16 мамырында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің “Қоғамдық денсаулық сақтау” факультетінің 4 курс түлектерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Департамент басшысы Қойшанова Р. және бірқатар құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Утегенова Ж., Мелден Ұ., Балқожаева М. студенттерге мемлекеттік қызметке тұру тәртібі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау, сондай-ақ осы саладағы өмірлік тәжірибелері туралы айтып берді.
Сонымен қатар, студенттерге жоғары оқу орнының маңыздылығы мен оның мансапқа қол жеткізудегі артықшылықтары түсіндірілді.
Студенттер Департамент өкілдерін мұқият тыңдап, бірқатар сұрақтар қойып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке қызығушылықтарын танытты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/998305?lang=kk
Жауап қалдыру