МОТОЦИКЛМЕН КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
МОТОЦИКЛМЕН КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ
Бүгін Қоңыр ауылындағы №308 сайлау учаскесіне ерекше дауыс берушілер келді. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікқали Ықсанов пен ауылдың аға мал бақташысы Тілеген Қылышбаев сайлауға мотоциклімен келіп, өз таңдауын жасады. Серікқали Ықсанов: «Ауыл әкімінен елдің келешегін жарқын етіп, қариясын құрметтеп, жастарына қолдау көрсетеді деп күтеміз»,- дейді.
Тілеген Қылышбаевтың айтуынша, бұл – оның азаматтық борышына деген жауапкершілігінің белгісі. «Қанша алыста жүрсем де, дауыс беру мен үшін маңызды. Елімнің болашағына үлес қосу үшін өрістен мотоциклмен келіп, таңдау жасадым», – дейді ол.
Мотоцикл мінген дауыс берушілерді сайлау учаскесінің комиссия мүшелері жылы жүзбен қарсы алып, оның әрекетін үлгі етерлік деп бағалады. «Кедергіге қарамай келген сайлаушылар – нағыз белсенді азаматтар. Мұндай жандар жастарға жақсы үлгі болады», – деді сайлау комиссиясының төрағасы Қобыланды Ғабдешов.
Айта кетейік, бұл учаскеде таңнан бері халықтың белсенділігі жоғары. Көлікпен, велосипедпен, ен даладан жаяу келген азаматтар да бар.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/998007?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді