Облыстық “Біз біргеміз!” балалар шығармашылығы фестивалі Қарағанды облысының жас таланттарын біріктірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды қаласының Орталық саябағында Қарағанды облысы бойынша ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясының ұйымдастыруымен “Біз біргеміз!” атты балалар шығармашылығының облыстық фестивалі өтті. Бірлік, шабыт пен шығармашылықты ұран еткен мерекелік іс-шара өңірдің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларды жинады.

Фестиваль ЮНЕСКО клубтарының өкілдері – белсенділердің салтанатты шеруімен басталды. Олар өз клубтарының жалауларын көтеріп, рәміздерін паш етті. Саябақтың бас сахнасында жас белсенділер шығармашылық нөмірлерін ұсынып, өз жетістіктері мен идеяларымен бөлісті.

Келушілер үшін фестиваль мазмұнды бағдарламамен есте қалды. Күні бойы балалар сәндік-қолданбалы өнер, би, бейнелеу өнері бойынша шеберлік сағаттарына қатысып, түрлі интерактивті сабақтарда өз қабілеттерін ашуға мүмкіндік алды. Бұл жобалар – балалардың табандылығы мен шығармашылық ізденісінің нәтижесі.

Фестиваль ЮНЕСКО клубтарының балалар арасында білімге, шығармашылыққа, азаматтық жауапкершілік пен мәдениетаралық диалогқа деген ұмтылысты дамытудағы рөлін айқын көрсетті. Мұндай бастамалар жас ұрпақтың жаһандық қоғамдастықтың бір бөлшегі екендігін сезініп, бейбітшілік пен ынтымақтастық идеяларын нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-vnutrenney-politiki-karagandy/press/news/details/997228?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді