
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлері арасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында, «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шараны департамент басшысы Ш. Шаменов алғы сөзімен ашып беріп, басшы орынбасарлары байқауға төрелік жасады және әр басқармадан 1 қызметкерден қатысты.
Байқау жеңімпаздары болып әділ қазылардың шешімімен :
I орын – превенция басқармасының бас маманы Г. Какауова;
II орын – Сотқа дейінгі тергеу басқармасының тергеушісі Н. Туманбаева;
III орын – департаменттің мемлекеттік сатып алу агенті А. Ануарқызы анықталды. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
«Антикор» орталығына арнайы шақырылған қонақтар М. Өскенбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әншілері С. Масжанов пен Е.Толқынхан Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін шырқап, іс-шараның жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-mangystau/press/news/details/997235?lang=kk
Жауап қалдыру