
«ҚАРАСПАН» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ЖИЫН ӨТКІЗДІ
Партиямыздың негізгі тірегі – бастауыш ұйымдар екені белгілі. Біздің төменгі буын құрылымдар «AMANAT» партиясының шын мәніндегі халықтың үніне құлақ асатын, сайлаушылардың талаптарын бұлжытпай іске асыратын саяси ұйым ретінде қалыптасуына аса маңызды үлес қосуда. Бастауыш ұйымдардың партияның саяси басымдықтары мен жобаларын іске асыруда атқарып жатқан жұмыстарын бағалауда бүгін аудандық мәслихат төрағасы әрі жергілікті депутаты ретінде арнайы барып қайттым.
Қараспан ауыл округі орталығындағы «Қараспан» бастауыш партия ұйымына бардым.
Ордабасы ауданында партияластарымыздың қатары 4 мың адамға жуықтайтын болса, соның 469 мүшесі осы бастауыш ұйымға тіркелген. Саяси ұйымның алға қойған мақсаттарын орындауда және партия мен қоғам арасындағы байланыстарды бекемдеуде бұл құрылым аудандағы басқа 11 бастауыш ұйымдармен тығыз ықпалдастық орнатқан.
Қызмет атқарып жатқан ұйым мүшелері елге адал қызмет етуді, қоғамның белсенді мүшесі болуды, әр отбасының келешекке сеніммен қарауына лайықты жағдай жасауды – азаматтық міндетіміз деп біледі.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көтеріліп жүрген өзекті мәселелер талқыға түсті.
Жиын соңында қатысушыларға айтылған ұсыныс-пікірлері бойынша заң аясында түсіндірме жауаптар беріліп, басқа да мәселелер назарда болатынын түсіндірдім.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/997248?lang=kk

Жауап қалдыру