
Қазақстанда уақытша тұруға рұқсатты ресімдеу: нені #БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ?
Егер шетел азаматы Қазақстанда белгіленген мерзімнен ұзағырақ болуды жоспарласа — уақытша тұруға рұқсат (УТР) немесе виза міндетті.
Қазақстанда УТР алуға Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан және ЕАЭО елдерінің азаматтары құқылы. Құжатты ресімдеу тәртібі мен мерзімі шетелдік азаматтың елде болу мақсатына байланысты болады.
Назар аударыңыз:
•2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 16 жастан асқан барлық шетел азаматтары УТР алу үшін міндетті түрде дактилоскопиялық тіркеуден өтуі керек.
•Қабылдаушы тарап шетел азаматы келгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/997564?lang=kk
Жауап қалдыру