
2025 жылғы 12–21 мамыр аралығында Қостанай облысының аумағында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараға мемлекеттік кірістер органдарының, прокуратураның, полицияның қызметкерлері, сондай-ақ жеке сот орындаушылары қатысуда.
Іс-шараның мақсаты – жергілікті салықтар бойынша жеке тұлғалардың салық берешегін өндіру тиімділігін арттыру.
Атқарылып жатқан жұмыстар аясында 2025 жылғы 14 мамырда жеке сот орындаушысы салық берешегін өтеу мақсатында 130,5 мың теңге мөлшерінде ақша қаражатын өндіріп алды. Аталған қаражат мемлекеттік бюджетке аударылды.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді: салық берешегін, әсіресе көлік құралдарына қатысты салықты уақтылы төлемеген жағдайда, борышкерлерге қатысты мүлікті тәркілеу, автокөлікті айыптұраққа қою және заңда көзделген басқа да мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін азаматтарға салық берешегінің бар-жоғын алдын ала тексеріп, қажет болған жағдайда қарыздарын уақтылы өтеуге кеңес береміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/997775?lang=kk
Жауап қалдыру