
«Репродуктивті жастағы әйелдер мен жыныстық жетілу кезеңіндегі қыздардың денсаулығына қатысты мәселелері» тақырыбында
дөңгелек үстел өтті
2025 жылдың 16 мамырында Ақтөбе қаласыдағы «Жастар сарайы» ғимаратында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өз құзыры шегінде мемлекеттік органдардың және белсенді қоғам өкілдерінің қатысуымен, сонымен бірге Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесе «Репродуктивті жастағы әйелдер мен жыныстық жетілу кезеңіндегі қыздардың денсаулығына қатысты мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сонымен қатар, іс-шараға өнірдегі жоғары оқу орындарының студенттері де қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – Ақтөбе облысындағы әйелдер мен қыздардың денсаулығын сақтауға байланысты өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылды.
Репродуктивті жастағы әйелдер мен жыныстық жетілу кезеңіндегі қыздардың денсаулығын қорғау – қоғамдық денсаулық сақтау мен болашағын қамтамасыз етудің маңызды саласы. Репродуктивті саулық ел¬дің ұлттық қауіпсіздігі.
Репродуктивті жастағы әйелдер мен жасөспірім қыздардың денсаулығы жүйелі бақылауды қажет етеді. Инфекциялық емес аурулардың алдын алу, санитариялық нормалардың сақталуы және салауатты өмір салтын қалыптастыру – осы топтың десаулығын сақтаудың негізі болу туралы және де халық арасында тіркелген инфекциялық емес аурулардың аурушандық көрсеткіштерімен Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Р.Қойшанова баяндамасында атап өтті, сонымен қатар Ақтөбе облысындағы әйелдер мен қыздардың денсаулығын сақтау және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша бір қатар ұсыныстар берді.
Қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/998313?lang=kk
Жауап қалдыру